100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ИНФОРМАЦИОННЫЙ ОТЧЕТ ПЕРЕД НАСЕЛЕНИЕМ О ПРОДЕЛАННОЙ РАБОТЕ, О ХОДЕ ИСПОЛНЕНИЯ ПРОГРАММЫ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ БУХАР-ЖЫРАУСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА ЗА 7 МЕСЯЦЕВ 2019 ГОДА И ЗАДАЧАХ ПО ПОВЫШЕНИЮ БЛАГОСОСТОЯНИЯ ЛЮДЕЙ АКИМА УЗДЕНОВА Е.Р.

Бұқар жырау ауылдық округінде барлығы 486 адамды құрайды, оның ішінде Бұқар жырау ауылында 198 адам, Семізбұғыда ауылында 97 адам, Шалқар ауылында 188 адам. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 244 адам, тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 183 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 33 адам, жұмыссыз 4 адам оның ішінде Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген 1 адам. Аулалар саны 105 үй.

Бұқар жырау ауылдық округінің экономикалық дамуы.

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында - «Жаксыбай» шаруа қожалығымен «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 30 млн. теңге сомасына Ресей Федерациясынан «Симменталл» асыл тұқымды 50 бас аналық малын әкеліп, мал басын асылдандыруда, «Шаухат» шаруа қожалығымен 12 млн. теңге сомаға лизинг арқылы МТЗ 82 тракторы толық жабдығымен алынды. «Желдыбай» шаруа қожалығымен Павлодар облысынан 7 асыл тұқымды бұқалары әкелінді.

Округ аумағында шағын және орта бизнес: жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер - 4, агро өнеркәсіп кооперативі - 2, фермерлік қожалықтар – 2, шаруа қожалықтар – 20, жеке кәсіпкерлер - 6. Шаруа қожалықтардың ішінде жұмыс жасайтындар саны 23 бірлік. Оның ішінде егістік егумен айналысатын 5 шаруа қожалық, 18 шаруа қожалық ауыл шаруашылық малдарын өсірумен айналысады.

Округ аумағы бойынша 2019 жылы 1860 га жерге егістік себілді. Оның ішінде арпа 1760 га, көп жылдық өсімдік 100 га.

 

Анықтама үшін: Округ аумағының жалпы жер көлемі 102952 га, оның ішінде елді-мекен жерлері 23447 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 55344 га, оның ішінде егістік 6576 га, жайылымдық жерлер 46319 га құрайды.

 

Бүгінгі танда 46220 га ішінен 38310,54 га яғни 82,9% енгізілді. 100 % орындау бойынша жұмыстар тұрақты атқарылуда.

Округ бойынша 2019 жылдың 01 шілде айына  мал басы:

Ірі қара 2076 бас оның ішінде сиыр 1099 бас, ұсақ мүйізді 2784 бас, жылқы 1232 бас, құстар 1765 бірлік.

  Бұқар жырау ауылдық округінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту

Білім беру

Округ бойынша екі мектеп (Бұқар жырау негізгі мектебі, Шалқар негізгі мектебі) жұмыс атқарып жатыр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша: өткен жылы екі мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Денсаулық сақтау

ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту  бойынша» Округ аумағында медициналық пункт жұмыс атқарып онда тұрғындарға 4 адам алғашқы медициналық қызмет көрсетеді. Келісім – шарт бойынша Бұқар жырау ауылының тұрғынымен (жеке өзінің көлігі) науқастанған адамдарды аудан орталығына апару бойынша жұмыс жасайды.

Аудандық медициналық бірлестігінің жоспарына сәйкес тұрғындарды 2-рет (шілде, тамыз айында) флюографиялық тексерістен өткізілді.

Мәдениет

Округ аумағында екі мәдени ошағы бар Бұқар жырау ауылдық клубы және Шалқар ауылдық клубы. Түрлі мәдени іс-шаралар өткузілуде. Түрлі мерекелік іс-шараларды өткізуге округтің шаруа қожалықтарымен жеке кәсіпкерлері көмек көрсетуде.

Елбасының Рухани жаңғыру «Туған жер» бағдарламасы аясында Шалқар ауылының бұрындары тұрып кеткен және осы күні тұрып жатқан азаматтарымен қаржы жиналып Шалқар ауылының зираттары (барлығы 3 зират) толықтай қоршалды. 

Әлеуметтік сақтандыру

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша» Округ бойынша зейнеткерлер саны 78 адамды құрайды, мүгедектер саны 12 адамды құрайды, оның ішінде І топтағы 4 адам, ІІ топтағы 2 адам, ІІІ топтағы 6 адам. Арнаулы әлеуметтік көмек алатындар 4 жанұя. Округ бойынша жаз айларында 5 адам қоғамдық жұмыс арқылы жұмыс істеді. Оның ішінде 1 адам қоғамдық құтқарушы. 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша» «Бастау бизнес» арқылы 2 адам оқу курсынан өтті. Шалқар ауылының тұрғыны Муханов М.К. 4,0 млн тенге несие алып жылқы малын әкелді. «Жас кәсіпкер» бағдарламасымен 2 адам оқу курсынан өтті. Несиелендіруге құжаттарын рәсімдеуде. Жас кәсіпкерлер несие, грант арқылы ауылдағы бизнесті жандандыруды жоспарлауда.

 

Көліктік инфрақұрылым

Аудан орталығына дейін жолдың ұзындығы 87 км. құрайды. Ауылдық округ бойынша елді-мекендердің ішкі жолдары жалпы ұзындығы 9,4 км. құрайды. Бұқар жырау ауылынан Семізбұғы ауылына дейінгі 7 км. жолға облыстық бюджеттен 198 млн. тенге қаражат бөлініп күрделі жөндеу яғни асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Дорстрой» ЖШС.

 

Сумен қамтамасыз ету

Су құбыры Бұқар жырау және Шалқар ауылдарында бар. Бүгінгі танда су үздіксіз берілуде. Бұқар жырау ауылынын су құбырын «Ботақара Су Қожалығы» КМК қызмет көрсетілуде. Шалқар ауылының су құбыры әкім аппараты балансында.

Абаттандыру бойынша

2019 жылдын сәуір айынан тамыз айына дейінгі аралықта сенбіліктер жүргізілді. Әкім аппаратымен жеке кәсіпкерімен келісіліп тұрғындардын қаражат есебінен қоқыстар шығарылды. 1 камаз жүккөлігі 4 мың теңгеден шығарылды. «Бірге таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберіңде тұрғындармен, демалушылармен көп жиналатын «Рудничное» көлі маңайы апта сайын демалыс күндері қоқыстар жиналып шығарылды.

 

Ауылдық округ әкім аппараты

2019 жылы барлығы 11 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 11, заңды тұлғалардан түскен жоқ. Барлығы уақытында қаралып тиісті жауап берілді.

  • Әкім аппаратында 1 лауазымдық бос орын ол жетекші маман орыны.

            Алдағы уақытта округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту үшін жұмыстар қалыпты деңгейде жалғастырылатын болады.

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

Глава государства провел ряд встреч 31 Октября 18:41
В Жанааркинском районе 15 многодетных семей отметили новоселье 31 Октября 16:55
В Темиртау заключили меморандум о снижении вредных выбросов 31 Октября 16:53
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»